Топтамалар GLOBAL

Сәндік сылақ ең танымал әрлеу материалдарының бірі болып табылады. Оның көмегімен әртүрлі деңгейлі түйіршіктілік, бұдыр құрылым, кез-келген көлемді рельефтерді жасауға болады. Әсіресе, барельеф техникасында жасалған сылақта тақырыптық суреттер керемет көрінеді. Біз әдеттен тыс үйлесім жасауды шештік: әлем картасы және леттеринг. Оны тұсқағаз бетіне түсіру сияқты өзімізге күрделі мақсат қойдық, осылайша GLOBAL жинақтамасы пайда болды.Карта дизайнның элементі болғанымен, ол жердің рельефін сақтай отыра, барынша шынайы түрде орындалады. Біз егжей-тегжейлерді мұқият қарастырып, әлем мұхитының түбінің рельефін жасадық. Флизелин тұсқағазы ыстықтай өрнектеу техникасында жасалған, 1,06*10,05 м. Видео қарау
Топтамалар визит картасы