Төсек-орын тысы

Постельное белье STENOVA HOME

Ұйықтайтын бөлме – жұмыс күнінен кейін демалып, тыныштыққа, көрпелер мен жастықтардың жұмсақтығына батып қана емес, жаңа күнге жаңа күш алып, армандап, болашақты жоспарлауға болатын орын. Сондықтан осы бөлменің интерьерін дәлділікпен таңдау қажет. Ең алдымен назарамызды аудартатын және аса дәлдікпен таңдалатын зат – төсек орын тысы. STENOVA HOME төсек орын тысының бірінші жинақтамасын жасау үшін, біздің JE T'AIME, MAGNUM, VALENTINO, WINE тұсқағаз жинақтамаларының мотивтерін қайталайтын дизайндарды іріктедік. Біз тек тығыздығы жоғары сатиндік өрілісі бар 100% мақта қолданамыз. Серіктес кәсіпорындардың толық өндірістік циклінің арқасында біз өндірістің әр кезеңін басқаруға мүмкіндігіміз бар. Белсенді бояудың арқасында қаныққан түс палитрасы бірнеше жыл көздің жауын алады. Жинақтамалардың конструкциясы кез-келген өлшемдегі кереуеттер мен дивандарда қолдану үшін жасалды.